Тарифтер
Құрметті тұтынушылар!
Құрметті тұтынушылар!
2024 ЖЫЛҒЫ 1 АҚПАННАН БАСТАП ЕНГІЗУГЕ ЖОСПАРЛАҒАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТАРИФТЕРІНЕ ЕСКЕРТПЕ:
БҰЛ ТАРИФТЕР ЕНГІЗІЛГЕН ЖОҚ. Бұл шешімді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (уәкілетті орган) қабылдады. Осыған байланысты электр энергиясы қызметтеріне барлық есептеулер 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданыстағы электр энергиясының тарифтері негізінде жүргізілді. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап электр энергиясының бағасы артқан жоқ.
Еске сала кетейік, бұрын уәкілетті орган 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап электр энергиясының тарифтеріне өзгерістерді бекіткен болатын. «Астанаэнергосбыт» ЖШС өз кезегінде бұл туралы тұтынушыларды хабардар етті.
Атап айтқанда, электр энергиясының келесі тарифтерін 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап енгізу жоспарланғаны хабарланды:
- заңды тұлғалар үшін – 38,52 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- бюджеттік ұйымдар – 73,66 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
- әлеуметтік маңызы бар тауарларды өндіруді қамтамасыз ететін кәсіпорындар үшін – 29,28 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).
Негіздеме: электр энергиясына тарифті өзгерту туралы «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ-нің 2024 жылғы 31 қаңтардағы №03-14/92 шығ. өтініші.
Құрметті тұтынушылар!
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жылу энергиясын жүзеге асырудың шекті деңгейінің тарифтері өзгертілгенін Сіздің назарыңызға жеткіземіз.
Өзге тұтынушылар үшін
- жылу энергиясымен жабдықтау бойынша орташа тариф – 5 966,37 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз)
жылу энергиясымен жабдықтау бойынша сараланған тарифтер:
- жылу энергиясын есептеу аспаптармен – 5 912,82 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз);
- жылу энергиясын есептеу аспаптарсыз – 7 756,29 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз);
- жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлерде орналасқан – 5 966,37 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз).
Бюджеттік ұйымдар үшін
- жылу энергиясымен жабдықтау бойынша орташа тариф – 7 073,94 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз)
жылу энергиясымен жабдықтау бойынша сараланған тарифтер:
- жылу энергиясын есептеу аспаптармен – 6 971,69 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз);
- жылу энергиясын есептеу аспаптарсыз – 10 610,90 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз);
- жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларында, барак типтегі үйлерде орналасқан – 7 073,94 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз).
Негіздеме: ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Астана қаласы бойынша ТМРКД 25.12.2023 жылғы № 125-НҚ бұйрығы.