Тарифтер
Құрметті тұтынушылар!
Уәкілетті орган 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап бекітілген «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның электр энергиясын өткізуге тарифін қолданысқа енгізуді уақытша тоқтатқанын хабарлаймыз. Осыған байланысты ақпан айында тұтынылған электр энергиясына есептеу бұрынғы, яғни 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданыстағы тарифтер бойынша жүргізіледі.
Құрметті тұтынушылар!
Құрметті тұтынушылар!
2024 ЖЫЛҒЫ 1 АҚПАННАН БАСТАП ЕНГІЗУГЕ ЖОСПАРЛАҒАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТАРИФТЕРІНЕ ЕСКЕРТПЕ:
БҰЛ ТАРИФТЕР ЕНГІЗІЛГЕН ЖОҚ. Бұл шешімді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (уәкілетті орган) қабылдады. Осыған байланысты электр энергиясы қызметтеріне барлық есептеулер 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданыстағы электр энергиясының тарифтері негізінде жүргізілді. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап электр энергиясының бағасы артқан жоқ.
Еске сала кетейік, бұрын уәкілетті орган 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап электр энергиясының тарифтеріне өзгерістерді бекіткен болатын. «Астанаэнергосбыт» ЖШС өз кезегінде бұл туралы тұтынушыларды хабардар етті.
Атап айтқанда, электр энергиясының келесі тарифтерін 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап енгізу жоспарланғаны хабарланды:
- жеке тұлғалар үшін – 24,48 теңге/кВтсағ (ҚҚС-ты есепке алумен).
Электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғалардың электр энергиясын тұтыну көлеміне байланысты электр энергиясына сараланған тарифтер:
- ең төменгі тариф (90 кВтсағ. дейін) – 19,75 теңге/кВтсағ (ҚҚС-ты есепке алумен);
- орташа тариф (90-нан бастап 180 кВтсағ. дейін) – 29,38 теңге/кВтсағ (ҚҚС-ты есепке алумен);
- ең жоғары тариф (180 кВтсағ. бастап және одан жоғары) – 36,72 теңге/кВтсағ (ҚҚС-ты есепке алумен).
Электр плиталарын пайдаланбайтын жеке тұлғалардың электр энергиясын тұтыну көлеміне байланысты электр энергиясына сараланған тарифтер:
- ең төменгі тариф (70 кВтсағ. дейін) – 22,18 теңге/кВтсағ (ҚҚС-ты есепке алумен);
- орташа тариф (70-тен бастап 140 кВтсағ. дейін) – 29,38 теңге/кВтсағ (ҚҚС-ты есепке алумен);
- ең жоғары тариф (140 кВтсағ. бастап және одан жоғары) – 36,72 теңге/кВтсағ (ҚҚС-ты есепке алумен).
Негіздеме: электр энергиясына тарифті өзгерту туралы «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ-нің 2024 жылғы 31 қаңтардағы №03-14/92 шығ. өтініші.