Кадрлық саясат

«АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС қызметінің басым бағыттарының бірі кадрлық саясат болып табылады, ол кадрларды таңдауды жақсартуға,  қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға, ынталы қызметкерлердің кәсіби өсу мүмкіншіліктерінің дамуына бағытталған.

АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС кадрлық саясаты келесі кағидаттары құрылады:

  1. бос қызмет орындарын байқау жүргізу негізінде алмастыру үдерісінің ашықтығы мен мөлдірлігі;
  2. кәсіби құзыретінің құндылығы, маманның кәсіби дайындығына ерекше назар аударылады;
  3. дамуға бағдарлану – оның ішінде жеке бастың, кәсіби, білімнің;
  4. бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі.

Кадрлық резерв

Кадрлық резервті қалыптастыру кезіңде «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС келесіні ескереді: кандидаттардың кәсіби және жалпы білімдік дайындығы, олардың ұйымдастырушылық және аналитикалық қабілеттіліктері, жұмыс нәтижесі үшін жауапкершілік сезімі, жұмыс істей білу, дербес шешімдерді қабылдау мен дәлелдеу,  кандидат резервке енгізілетін лауазымға қойылатын талаптар бойынша біліктілік талаптары, әрбір нақты жағдайда қажетті арнайы білім мен тәжірибе.

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру

Қызметкерлерді оқытудың үздіксіз үрдісі – «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС кадрлық потенциалды арттырудың негізгі құралы болып табылады. Қызметкерлерді қайта даярлау мен біліктілігін арттырудың әрекет етуші бағдарламалары өткізу компаниясының тұрақты жұмыс істеуін қолдауға бағытталған.

Жас мамандар

Жыл сайын «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС тәжірибеге Еуразиялық гуманитарлық институтының, С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінің және басқа да оқу мекемелерінің  студенттерін қабылдайды. Штатта бос қызметтер болған жағдайда кәсіпорын тәжірибеленушілерді жұмысқа орналастырады.


Басшының блогі

Александр
Зинкевич


«Астанаэнергосбыт» ЖШС
Бас директоры

Құрметті сайт қонақтары!

Біз сіздерге «Астанаэнергосбыт»ЖШС сайтына қош келдіңіздер деймін және сайтта ұсынылған ақпарат сіздерге пайдалы болады деп үміттенеміз.

Толығырақ

БОС ОРЫНДАР