Сайтта заңды тұлғаны авторландырудың тәртібі

Сайттағы қызмет түрлерін пайдалануды қалайтын заңды тұлғалар (кәсіпорын, жеке кәсіпкер) келесі сатылардан тұратын тіркелу шарттарын орындауға міндетті:

- Тіркелуге өтінім беру
- Тіркелу туралы мәлімет алу

Тіркелуге өтінім беру тәртібі

Тіркелуге өтінім беру сайтта тікелей, «Заңды тұлғалар» бөліміндегі «Тіркелу» сілтемесі бойынша жүзеге асырылады. Біл ретте пайдаланушы сәйкесінше жолдарға келесі деректерді енгізуі керек:

- Электр энергиясымен жабдықтау Келісім-шартының №

- Жылу энергиясымен жабдықтау Келісім-шартының №

- Абонент нөмірі

- Ұйымның атауы

- Электронды мекен-жайы

- Компанияның байланыс телефоны

- Компанияның бас жетекшісі мен бухгалтері жөнінде ақпарат

Тіркелу туралы мәлімет алу

Өтінім рәсімделіп, сайтта қабылданғаннан кейін, заңды тұлғаның өкілі тіркелу мәліметтерін алу үшін, кәсіпорынның Жүзеге асыру басқармасының келісім-шарттар жөніндегі бөліміне келуі қажет. Аталған өкіл өзімен бірге:

- Құзіретті жетекшінің қолымен және заңды тұлғаның гербті мөрімен куәландырылған, тіркелу мәліметтерін алуға рұқсат беретін сенімхатты;

- Оның тұлғасын куәландыратын құжатын (ҚР азаматының куәлігін немесе ҚР азаматының төлқұжатын);
- Тұлғаны куәландырушы құжаттың көшірмесін алып келуі керек.
Тіркелу мәліметтері өкілге тіркелу журналына қол қойғаннан кейін беріледі. Бұдан кейін заңды тұлғаның сайттағы тіркелу жазбасы белсенді статусқа ие болады.
Бұл кезекте Кәсіпорын Пайдаланушыны алған мәліметтері (есеп-фактураларының көшірмелері) оны осы құжаттардың түпнұсқаларын алу қажеттілігінен босатпайтыны жөнінде ескертеді.


Басшының блогі

Александр
Зинкевич


«Астанаэнергосбыт» ЖШС
Бас директоры

Құрметті сайт қонақтары!

Біз сіздерге «Астанаэнергосбыт»ЖШС сайтына қош келдіңіздер деймін және сайтта ұсынылған ақпарат сіздерге пайдалы болады деп үміттенеміз.

Толығырақ

БОС ОРЫНДАР