Есепке алу құрылғылары

Электр энергиясын тұтынушылардың электр қондырғылары энергиямен жабдықтаушы ұйыммен тұтынылған электр энергиясына есеп айырысу үшін қажетті коммерциялық есепке алу құралдарымен қамтамасыз етіледі. 

Энергия таратушы (энергия өндіруші) ұйымдарда электр энергиясын есепке алу құрылғыларының автоматтандырылған паркі, ЭКЕАЖ жұмыс параметрлеріне толық сәйкес құрал-жабдықтарды қашықтағы байланысқа бағытталған және бұрында орнатылған жұмыс параметрлері болған жағдайда, Өлшем бірлігін қамтамасыз ету және қолдау мемлекетті жүйесінің тізіліміне енгізілген Электр энергиясын есепке алу үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алу құрылғылары қолданылады.   

Электр энергиясын нақты жеткізілетін тұтынушыларға, 100кВТ-дан астам электрді тұтыну қуатттылығы бар келісімшарт иелеріне тұтынылған электр энергиясы, қуаты және жүктемелердің сағаттық кестесі туралы деректерді ұзақ уақыт сақтайтын активті және реактивті энергияны коммерциялық есепке алу есептегіштері орнатылады. 

Электр энергиясы еркін жеткізілетін тұтынушыларға, 40-100 кВт-дан астам электр тұтыну қуаттылығы бар келісім-шарты бар тұтынушыларға тұтынылған электр энергиясы және қуаты туралы деректерді ұзақ уақыт сақтайтын активті және реактивті энергияны коммерциялық есепке алу есептегіштері орнатылады. 

40 кВт-ға дейін электр тұтыну қуаты бар келісім-шартпен электр энергиясы еркін жеткізілетін тұтынушыларға активті энергия есептегіштері орнатылады. 

Бір электр жабдықтаушы көзімен бірнеше тұтынушыны қуаттандыру кезінде электр энергиясын есепке алу әр тұтынушы үшін жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта Компания тұтынушылардың тексеру мерзімі өткен электр есептегіштерін анықтау мақсатында, Астана қаласы тұтынушыларының электр энергиясын есепке алу жабдықтарына түгендеу жүргізуде. Тексеруаралық интервал аяқталған жағдайда, тұтынушы тексеру қажеттілігі туралы хабардар болады. Осы іс-шарадан күтілетін нәтиже халықтың электр энергиясын тұтыну көлемін дұрыс белгілеу болып табылады. 

Электр энергиясын пайдалану қағидалары туралы Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің 2015 жылғы 25 ақпанда бекітілген № 143 бұйрығының 38 т. сәйкес, энергиямен жабдықтаушы ұйыммен тұтынылған электр энергиясы бойынша есеп айырысу үшін электр энергиясын тұтынушылардың электр қондырғылары қажетті коммерциялық есепке алу құралдарымен қамтамасыз етіледі.  

Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидалары туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурызда бекітілген №246 бұйрығының 381 тармағына сәйкес, электр энергиясын өлшеу және есепке алудың барлық құралдары, сондай-ақ ақпараттық-өлшеу жүйелері салыстырып тексеріледі және салыстырып тексеру арқылы немесе салыстырып тексергіштің таңбасы туралы куәлік бар.  

Сонымен қатар,  «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабының 18 тармақшасына, сондай-ақ Электр энергиясын тұтыну қағидаларының 2 тармағының 2 тармақшасына сәйкес,  құрылғыларды тексерудің астында өлшем құралын салыстырып тексеру – өлшем құралының белгіленген техникалық және метрологиялық  талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы түсіндіріледі. 

Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 42 т. сәйкес, электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарын салыстырып тексеру Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде көрсетілген мерзімдерде салыстыру тексерісаралық интервалға сәйкес жүргізіледі, «Қазақстан метрология институты» РМК сайтында танысуға болады (www.kazinmetr.kz).     

Айта кету керек, тексеруаралық интервал мерзімінің өтуі құрылғыны ауыстыруға негіз болып табылмайды, керісінше оны тексеруге негіз болып табылады, нәтижесінде ары қарай пайдалану мүмкіндігі беріледі немесе оны ауыстырады. Электр энергиясын есепке алу құрылғыларын тексеру тәуелсіз тексеру зертханаларымен жүзеге асырылады..

Электр энергиясын есепке алу құрылғыларын ауыстыру үшін немесе тексеру өткізу үшін алу энергиямен жабдықтаушы ұйыммен міндетті түрде келісілуі тиіс.


Басшының жолданымы

Александр
Зинкевич


«Астанаэнергосбыт» ЖШС
Бас директоры

Құрметті сайт қонақтары!

Біз сіздерге «Астанаэнергосбыт»ЖШС сайтына қош келдіңіздер деймін және сайтта ұсынылған ақпарат сіздерге пайдалы болады деп үміттенеміз.

Толығырақ

БОС ОРЫНДАР