«Астанаэнергосбыт» ЖШС қызмет түрлерінің тұтынушылары, ыстық суды және/немесе электр энергиясын тіркеуші құралдары бар тұрғын секторының (пәтерлер, үйлер) барлық абонентері, сонымен қатар заңды тұлғалар «Астанаэнергосбыт» ЖШС сайтына тіркеле алады. Жеке меншік секторының тұтынушылары тіркеуші құралдарының көрсеткіштерін тапсырудан басқа, сайттағы барлық қызмет түрлерін пайдалана алады. Жеке меншік секторының көрсеткіштерін алуды – «Қалалық электр желілері» АҚ жүзеге асырады.

Тіркелу барысы келесі іс-әрекеттерден тұрады:

1. Пайдаланушы мәмілесінің шарттарымен танысу және қабылдау

Бұл құжатпен мұқият танысыңыз. Ол «Астанаэнергосбыт» ЖШС мен «Астанаэнергосбыт» ЖШС сайтын пайдаланушы-абоненттің арақатынасын реттейді. Келіспеушіліктер туындаған жағдайда тараптар осы мәміле мен Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

2. Тіркелу нысанын толтыру

Абоненттің «Астанаэнергосбыт» ЖШС сайтында тіркелуінің негізі – дұрыс толтырылған нысан болып табылады. Нысанның барлық жолдарын мұқият толтыру қажет, өйткені, егер Сіз қате мәліметтер беретін болсаңыз, «Астанаэнергосбыт» ЖШС Сізді тіркемеуге құқылы.

3. Жүйеге кіру үшін жеке пароль алу

Тіркелу нысанын сәтті толтырғаннан кейін Сіздің өтінішіңіз «Астанаэнергосбыт» ЖШС сайтының әкімшілігінің қарастыруына тапсырылады.

Өтінімнің дұрыс толтырылуы және абонентке қатысты мәліметтердің расталуы жағдайында пайдалануышының аты жазылған, жеке паролі бар конверт дайындалады. Тіркелу барысында пайдаланушысы белгіленген конверт абоненттік учаскеге тапсырылады. Абоненттің электронды мекен-жайына конвертті абоненттік учаскеде алуға болатыны туралы хабарлама жіберіледі. Өтінімді қарастыру мерзімі – 10 жұмыс күні.

Абонент бойынша мәліметтер сай келмесе, тіркеуге алу туралы өтінім қабылданбайды. Абоненттің электронды жәшігіне тіркелуді қайта жасау қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі.

Парольді алғаннан кейін Сіз су өлшеуші және электр энергиясын тіркеуші құралдарының көрсеткіштерін қоса аласыз. Бұл үшін сайттың «Есептеушітердің көрсеткіштерін тапсыру» бөлімі қарастырылған.

Тіркелуді бастау


Басшының жолданымы

Александр
Зинкевич


«Астанаэнергосбыт» ЖШС
Бас директоры

Құрметті сайт қонақтары!

Біз сіздерге «Астанаэнергосбыт»ЖШС сайтына қош келдіңіздер деймін және сайтта ұсынылған ақпарат сіздерге пайдалы болады деп үміттенеміз.

Толығырақ

БОС ОРЫНДАР