Үйге ортақ қажеттіліктер 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҮОҚ-не тұтынылған электр энергиясына шығындарды тұтынушылар өтейді. Пәтер иелері төлемдерді өзі немесе қызмет көрсететін ұйымға немесе ПИК-не шарттарды жасасу бойынша өзінің құқықтарын беруді жүргізеді.

ҮОҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

ҮОҚ дегеніміз: үйге ортақ қажеттіліктер. Электр желілеріне қосылған әрбір үй белгілі бір энергия мөлшерін алады, ол әр тұрғынның пәтеріне және жалпы қолдану орындарында тұтынуға арналған. Пәтерде тұтынылған электр энергия жеке есепке алу құрылғысымен есепке алынады. Үйге ортақ қажеттіліктерге (ҮОҚ) тұтынылатын электр энергиясы бөлек есепке алу құрылғыларымен есепке алынады және төлеуге ұсынылады.

Түбіртектегі ҮОҚ сомасы - бұл подъездегі жарыққа ғана төлем емес. Бұған сонымен қатар жылу тораптарын энергиямен жабдықтау шығындары, лифт шаруашылығы, (соның ішінде лифттің кабинасы мен шахтасындағы жарық), домофондар, бейне бақылау, айналым сорғысы, үйдің жоғары қабаттарына суды жіберетін насостар, баспалдақ аумақтарын жарықтандыру, үймаңындағы территорияны, жертөле үй-жайларын жарықтандыру шығындары, яғни үйде тұруға барлық ыңғайлы шарттарды қамтамасыз ететін барлық электр құралдарының шығындары енгізіледі және үй-жайдың барлық иелерінің жалпы мүлігі болып табылады. Әрбір көп пәтерлі үйде электр құрылғыларының жиынтығы әртүрлі  және энергия шығындарын қажет етеді, оларды ҮОҚ ретінде төлеу қажет.

ҮОҚ ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ?  

Көп пәтерлі үйге жіберілетін электр энергияның жалпы мөлшері сол үйде орнатылған есепке алу құрылғыларымен есепке алынады, ол міндетті түрде «Астанаэнергосбыт» ЖШС коммерциалық есепке алынуы қажет. Есепке алу құрылғысы болмаған кезде ҮОҚ осы үйде ҮОҚ-не бар тоқ қабылдағыштарының белгіленген қуаты бойынша есептеледі. Бұл ретте ҮОҚ мөлшері электр энергиясын тұтынуға байланысты, ал тұтыну көптеген факторларға байланысты. Мысалы, жыл мезгіліне, жазға қарағанда қыс мезгілінде подъездегі жарықтың жұмыс уақыты ұзағырақ, ыстық судың насостары жазға қарағанда қыста қарқынды жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылдың 19 ақпанындағы №108 бұйрығының «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы» 16 т. сәйкес «Үйге ортақ мұқтаждарға жұмсалатын коммуналдық қызметтер саны үйге ортақ есепке алу құралдары көрсеткіштерінің негізінде, ал олар болмаған жағдайда - белгіленген қуат бойынша не табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласында басшылықты жүзеге асырушы мемлекеттік орган бекіткен тұтыну нормалары бойынша анықталады».

ҮОҚ-не ШЫҒЫНДАРЫН КІМ ӨТЕЙДІ?

«Астанаэнергосбыт» ЖШС энергиямен жабдықтау ұйымының тұтынушыларға ҮОҚ есептеулері бойынша әрекеті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларымен негізделген.

ҚР АК 189 б. 1 т. сәйкес «Меншiк иесi, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне тиесiлi мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығын көтередi және бiржақты тәртiппен мұндай ауыртпалықты үшiншi жаққа ауыстыра алмайды».

 ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 31 б. 3 т. және 50 б. 1 т. сәйкес үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға қатысуға міндетті.  Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың мөлшері үй-жайдың (пәтердің) меншік иесінің ортақ мүліктегі үлесіне мөлшерлес белгіленеді. Үлестің мөлшері дара (бөлек) меншіктегі (өзге заттай құқықтағы) тұрғын үй-жайлардың және (немесе) тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының кондоминиумның осы объектісіндегі бүкіл тұрғын үй-жайлардың және бүкіл тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының сомасына қатынасымен анықталады.

Заңның көрсетілген ережелерінен басқа, тұрмыстық тұтынуға энергиямен жабдықтаудың жария Шартымен қарастырылғандай, сондай-ақ үйдің ортақ қажеттіліктеріне тұтынылған электр энергиясына төлем бойынша шығындарды көп пәтерлі үйдің тұрғындары өтейді. Осы ретте, тұрмыстық тұтынушы үшін энергиямен жабдықтау шартында тұтынушының міндетіне электр энергиясы бойынша төлемдерді кондоминимумның үйге ортақ қажеттіліктеріне (ауланы, подъезді жарықтандыру, лифт шаруашылығының энергияны тұтынуы және т.б.) шығындар есебімен, факт бойынша қабылданған энергия мөлшеріне әр айдың 25 жұлдызына дейінгі мерзімде төлемді төлеу кіреді.

ҮОҚ ҮШІН ҚАЙДА ТӨЛЕУ ҚАЖЕТ?

Қолданыстағы заңнама бойынша ҮОҚ-не шығындарды үй-жайдың иелері өтейді, ал төлем тәртібін үй-жайдың иелері өздері таңдайды:

- немесе тұтынушылар ҮОҚ-ге тұтынылған электр энергиясы үшін төлемді өздігімен «Астанаэнергосбыт» ЖШС тікелей төлейді;

- немесе ҮОҚ-ге тұтынылатын электр энергиясы үшін төлемді пәтер және үй-жай иелерімен төленген жарнадан қызмет көрсетуші ұйым (ПИК, ЖШС, ЖК және т.б.) төлейді.

Егер пәтерлердің және үй-жайлардың иелерінің жалпы жиналысы пәтер иелерінің кооперативіне ҮОҚ төлем құқығын берсе, онда ПИК (қызмет көрсететін ұйым) тұрғын үйді ұстауға ай сайынғы жарналар калькуляциясын жеке тармақпен «ПИК электр энергиясы» деп қарастыруы қажет, демек кез-келген жағдайда ҮОҚ электр энергиясы үшін төлем үй-жай иелеріне жүктеледі, бұл жағдайда ПИК немесе басқа қызмет көрсетуші арқылы жанамаланады.

Егер пәтер иелері «Астанаэнергосбыт» ЖШС-мен мұндай шартты жасауға ПИК құқық бермесе, онда ҮОҚ электр энергиясы үшін есеп  әр жеке пәтерге және үй-жайға ұсынылады, яғни тұтынушылар өздігімен төлемді тікелей энергиямен жабдықтаушы ұйымға, яғни «Астанаэнергосбыт» ЖШС-не төлейді.

Бұл жағдайдың дәлелсіз болмауы үшін бұл анықтауларды регламенттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын келтіреміз.

Астана қаласында коммуналдық қызметтерді ұсыну Ережелерінің 6 т. сәйкес (2015 жылдың 30 сәуіріндегі № 115-638 Астана қаласының әкімдігінің Қаулысымен бекітілген) «Қызметтерді ұсыну Қызмет беруші мен Тұтынушы арасында жеке шарт негізінде жүзеге асырылады. Тұтынушылар бекітілген заңнамалық тәртіпте шарттарды жасасу бойынша өз құқықтарын пәтер иелері кооперативіне (ары қарай-ПИК) немесе басқа жеке немесе заңды тұлғаға құқықтарын беруге құқылы. Осы ережелердің 32 тармағында егер тұтынушы ПИК шарттарын жасасу бойынша өз құқықтарын берген жағдайда, қызметтердің төлем тәртібін («ПИК есептеседі) ғана анықтайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылдың 19 ақпанындағы № 108 Бұйрығының 15 т. сәйкес «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы» «Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері тікелей қызмет көрсетушімен не кондоминиум объектісін басқару органымен жасалған шарттың негізінде үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысы кондоминиум объектісін басқару органы қызмет көрсетушімен мұндай шарт жасасуы туралы шешім қабылдаған жағдайда, үйге ортақ мұқтаждарға пайдаланылатын коммуналдық қызметтер үшін шығыстарды көтереді».

Осылайша, үйдің тұтынушылық мәнін қамтамасыз ету үшін энергияны сатып алу шығындары тұрғын үйдің - жалпы мүлікті күтуге шығындар болып табылады, онда мұндай шығындарды тұтынушылардың өздері - пәтер иелері төлеуі қажет немесе ПИК-мен немесе басқа қызмет көрсетуші ұйыммен шарт жасасу бойынша өз құқықтарын бекітілген заңнамалық тәртіпте құқығын берулері қажет. Өз кезегінде ҮОҚ төлеу үшін қызмет көрсету ұйымдары «Астанаэнергосбыт» ЖШС барып, міндеттерді өз еркімен қабылдауға тиіс, осы ретте «Астанаэнергосбыт» ЖШС ПИК немесе басқа қызмет көрсетуші ұйымдарды үйге ортақ қажеттіліктерді төлеуге міндеттеуіне құқығы жоқ. Бұдан басқа тұрғын емес үй-жайлар орнатылған тұрғын үйлерде тұрғын емес үй-жайлардың иелеріне үлестірілуі қажет ҮОҚ шығындарының бөлігі де болуы мүмкін. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 37 бабының 1,2 тармақтарына сәйкес «Тұрғын емес үй-жайдың иесi ортақ мүлiктiң тұрғын үй-жайларды пайдалануға ғана байланысты бөлiктерiне қатысты ортақ шығыстарға қатысуға мiндеттi емес. Ортақ мүлiктiң тұрғын емес үй-жайларды пайдалануға ғана байланысты бөлiктерiне қатысты шығыстарды осындай үй-жайлардың меншiк иелерi көтередi».

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 42 бабының 2-1 т. 5 т-шасына сәйкес Кондоминиум объектiсiн басқару органы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі мәселелері бойынша үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерiнің мүдделерін білдіруді жүзеге асырады.

Қызмет көрсетуші ұйым объектті басқару органы ретінде тұрғын емес үй-жайлардың қолданылуына ғана байланысты жалпы мүліктің бөлімдеріне қатысты шығындарды анықтау мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет және тұрғын емес үй-жайлар және олардың шығындары туралы «Астанаэнергосбыт» ЖШС-не ақпараттарды ұсыну.

Бұдан басқа, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 42-1 бабының 2 т. 2 т-шасына сәйкес «Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының шешімі хаттамамен міндетті қарастыруды және мақұлдауды, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқаруға және күтіп-ұстауға арналған жарналардың мөлшерін бекітуге талап етіледі.ҮОҚ-іне электр энергиясын тұтыну кондоминимум объектісінің жалпы мүлігін күтіп-ұстау шығындарына жатады».

Кіріспе үй-жайларға ҮОҚ есептеулері қызмет көрсетуші ұйымның (кондоминиум басқармасының органының) өтініші бойынша және үйдегі заңды тұлғалар туралы барлық ақпараттарды ұсынумен және тұрғын емес үй-жайлардың пайдалануына байланысты жалпы мүліктің бөлігіне жататын шығындарын анықтау мүмкіндігінің болуы және үйдегі барлық заңды тұлғалар туралы барлық ақпаратты ұсыну.


Басшының блогі

Александр
Зинкевич


«Астанаэнергосбыт» ЖШС
Бас директоры

Құрметті сайт қонақтары!

Біз сіздерге «Астанаэнергосбыт»ЖШС сайтына қош келдіңіздер деймін және сайтта ұсынылған ақпарат сіздерге пайдалы болады деп үміттенеміз.

Толығырақ

БОС ОРЫНДАР