Барлық жаңалықтар
31шіл

Бос қызмет орындарының жәрмеңкесі

Бүгін Нұр-Сұлтан қ. «Жастар» сарайында «Астанаэнергосбыт» компаниясы қатысқан бос қызмет орындарының жәрмеңкесі өтті. Қырықтан астам адам өз түйіндемесін жұмыс берушіде қалдыра отырып, өткізу компаниясында жұмыс істеуге ниет білдірді.

Бос қызмет орындарының жәрмеңкесінде әр түрлі салаларда жұмыс ұсынатын компаниялар бір жерде шоғырланды. Іс-шара жұмысқа орналасуға, компания өкілімен сөйлесуге, барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап алуға және өз түйіндемелерін ондаған компанияларға бір мезгілде ұсынуға мүмкіндік береді.

Ізденушілерге «Астанаэнергосбыт» ЖШС Сервис-орталықтарының басшыларымен кездесу және жұмыс беруші мен ашық бос қызмет орындары туралы қажетті ақпаратты бірінші қолдан алу мүмкіндігі ұсынылды.

«Компанияға бақылаушылар мен электромонтерлер қажет, бұл біздің жұмысымыздың ерекшелігіне байланысты», - деді №3 Сервис-орталығының басшысы Айгүл Насымбаева. Оның айтуынша, танымал сұраулардың бірі байланыс орталығы операторының бос орнына деген сұраныс болды.

Жәрмеңке жұмысы барысында «Астанаэнергосбыт» өкілдері компанияда жұмыс істеумен қызыққан барлық ізденушілермен әңгімелесті.

«Астанаэнергосбыт» ЖШС баспасөз қызметі


Басшының жолданымы

Александр
Зинкевич


«Астанаэнергосбыт» ЖШС
Бас директоры

Құрметті сайт қонақтары!

Біз сіздерге «Астанаэнергосбыт»ЖШС сайтына қош келдіңіздер деймін және сайтта ұсынылған ақпарат сіздерге пайдалы болады деп үміттенеміз.

Толығырақ

БОС ОРЫНДАР