Барлық жаңалықтар
07қар

Есептегішсіз қымбатқа түседі

— Неліктен көп пәтерлі үйлерде тұратын және есептегіштер көрсеткіштерінсіз жалпы тарифтер бойынша ЫСЖ төлейтін тұтынушылар үшін БЕО түбіртектеріндегі ыстық су үшін төлем қыркүйек айында маусым және тамыз айларымен салыстырғанда бес есе өсті? Бұл немен байланысты? Алдағы уақытта өсу болады ма?

"Астанаэнергосбыт" ЖШС толық жауап ұсынды.

Азаматтарға тұтынылған ыстық суға есептеу жүргізу есептеу құралдарының көрсеткіштері бойынша немесе олар болмаған жағдайда – тұратын адамдардың саны бойынша жүргізіледі.

Есептегіштер болған жағдайда ай сайынғы төлем мөлшері жеке есептеу құралдарының берілген деректері бойынша және жалпы үйлік жылу есептегіштердің көрсеткіштері бойынша анықталады. Өйткені суды жылыту жүйесінде ЖЭО-дан берілетін техникалық судың жылуы қатысады. Тұтынушы кенеттен ыстық су үшін көрсеткіштерді беруді тоқтатқан және "Астанаэнергосбыт" есепке алу құралының нақты көрсеткіштерін тіркей алмаған кезеңде есеп айырысу алдыңғы кезеңнің орташа тәуліктік шығысы бойынша жүргізіледі.

Ал пәтерде ыстық су есептегіш құралдары болмаған жағдайда немесе тұрғындар есептегіштердің көрсеткіштерін мүлдем бермесе, есептеулер формула бойынша есептеледі. Айтпақшы, ыстық су үшін төлем мөлшері ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген әдістеме бойынша анықталады.

Жылыту маусымынан тыс кезде жалпыүйлік есептеу құралы (бұдан әрі — ЖҮЕҚ) бар үйлерде ыстық сумен жабдықтау үшін төлем бір адам есебінен (Пг.в. адамға) мынадай формула бойынша анықталады.

Пг.в. адамға = (Qг.в. ЖЕҚ-мен — Gг.в. ЕҚ-мен) / nкв * Т ЖЕҚ-мен (теңге/адам),

мұнда:

Qг.в. ЖЕҚ-мен — жылу энергиясын жалпы үйлік есептеу құралының көрсеткіштері бойынша босатылған жылу энергиясының көлемі, Гкал;

Gг.в. ЖЕҚ-мен — тұрмыстық тұтынушының пәтерінде орнатылған ыстық суды есептеудің жеке аспаптырының көрсеткіштері бойынша анықталған ыстық сумен жабдықтауға суды тұтыну көлемі, Гкал;

nкв — жеке ыстық суды есептеу құралдары болмаған жағдайда пәтерде тұратын жеке тұлғалардың саны;

Т ЖЕҚ-мен — жылу энергиясын жалпы үйлік есептеу құралы болған кезде тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті орган бекіткен тариф, теңге/Гкал.

2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің 2018 жылғы 16 тамыздағы № 117-НҚ бұйрығымен жылу энергиясын жүзеге асыруға арналған шекті деңгейдің тарифтері бекітілді.

Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша орташа босату тарифі – 2581,40 теңге/Гкал (ҚҚС есебімен), бұл алдыңғы кезең тарифінен біршама төмен (2642,98 теңге/Гкал).

Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша сараланған тарифтер: 

есептеу құралдарымен – 2573,47 теңге/Гкал (ҚҚС-мен); 

есептеу құралдарынсыз – 3097,67 теңге/Гкал (ҚҚС-мен); 

үйге ортақ жылу энергиясын есептеу құралдарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ ескі, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтес үйлерде тұратындар – 2581,40 теңге/Гкал (ҚҚС-мен). 

Басқа сөзбен айтқанда, есепке алу аспаптары жоқ немесе ыстық су есептегіштерінің көрсеткіштерін бермейтін тұтынушылар үй желілеріндегі барлық шығындар үшін төленеді, өйткені жалпыүйлік есетеу құралының көрсеткіштері бойынша жылу энергиясының көлемінен үйдің пәтерлерін есепке алатын жеке құралдардың көрсеткіштері бойынша жылудың жиынтық көлемі шегеріледі және алынған көлемі есепке алу аспаптары жоқ адамдарға үлестіріледі. Сондықтан ай сайын түбіртектерде әр түрлі сома пайда болады. 

Демек, ыстық суға есептеу құралын қою, оны пломбылау және «Астанаэнергосбыт» ЖШС байланыс ортылығына 91-88-88 телефоны арқылы 20-сынан есептесу айының соңына дейін (30-31 күндері) сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін (үзіліссіз және демалыссыз) уақытымен көрсеткіштерді тапсырып отыру қажет. Сондай-ақ, көрсеткіштерді онлайн хабарлауға болады: astanaenergosbyt.kz сайтының "Жеке кабинетінде".

Дереккөз: «Вечерняя Астана» республикалық қоғамдық-саяси газеті, 06.11.2018 ж.

Сілтеме: http://vechastana.kz/bez-schetchikov-poluchaetsya-dorozhe/?fbclid=IwAR0cUJBfPa4RLZFvAjoR7iUxCo3qUUg5ndwopBlkxAUr_tFQa3mIhD_ppUE



Басшының жолданымы

Александр
Зинкевич


«Астанаэнергосбыт» ЖШС
Бас директоры

Құрметті сайт қонақтары!

Біз сіздерге «Астанаэнергосбыт»ЖШС сайтына қош келдіңіздер деймін және сайтта ұсынылған ақпарат сіздерге пайдалы болады деп үміттенеміз.

Толығырақ

БОС ОРЫНДАР