Барлық жаңалықтар
20мау

Электр энергиясын тұтынудың әлеуметтік нормалары

Жалғыз тұратын жасына байланысты зейнеткерлер, мүгедектер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар үшін электр энергиясын тұтынудың жеңілдік нормалары аз қамтылған халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.

2009 жылғы 20 ақпандағы №57 НҚ (29.12.2017ж. өзгертулермен және толықтырулармен) Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларының 2-тарауының 12-тармағына сәйкес «асыра тұтынғаны үшін ең жоғары тариф бойынша төлемақы алынатын электр энергиясын тұтыну шамасы электр энергиясын тұтыну шамасы тұтынушыларды энергия үнемдеуге түрткі болатын және халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін ынталандыру ескеріле отырып жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үй-жайы (пәтері) бар жалғыз тұратын жасына байланысты зейнеткерлерді, мүгедектерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және оларға теңестірілген адамдарды қоспағанда, электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын аталған адамдар үшін бөлек айқындалады». 

 Жеңілдік нормаларын алу үшін мекен-жай бойынша сервис-орталықтарға келесі құжаттарды ұсына отырып жүгіну қажет: №1 сервис-орталық (Абай даңғ., 45-үй), №2 сервис-орталық (Қажымұқан к., 6-үй), №3 сервис-орталық (Абылайхан даңғ., 49-үй), №4 сервис-орталық (Бөгенбай батыр даңғ., 24/1-үй), №5 сервис-орталық (Сарайшық к., 9-үй)

1.         Жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлігі жоқ (бар) екендігі туралы №6 анықтама;

2.         Осы категорияға жататынын растайтын құжат көшірмесі:

  • зейнеткерлік куәлігі - жалғыз тұратын жасына байланысты зейнеткерлер үшін;
  • мүгедектігі туралы анықтама - мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін;
  • Ұлы Отан соғысы жылдары, бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша ұрыс операциялары кезінде, Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға қатысқанын және басқа да радиациялық апаттарға және азаматтық және әскери мақсаттағы нысандардағы апаттарға, сондай-ақ тікелей ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға қатысқанын растайтын әскери билет анықтамасы, жарақаттары, мүгедектігі туралы анықтамалар, сот-медициналық қорытынды.

3.         Мекен-жай анықтамасы.

Әлеуметтік-бағдарлы шама қолданылатын жеке тұлғаның меншігінде біреуден артық тұрғын үй-жай (пәтерлер) болмауы тиіс.

 


Басшының жолданымы

Александр
Зинкевич


«Астанаэнергосбыт» ЖШС
Бас директоры

Құрметті сайт қонақтары!

Біз сіздерге «Астанаэнергосбыт»ЖШС сайтына қош келдіңіздер деймін және сайтта ұсынылған ақпарат сіздерге пайдалы болады деп үміттенеміз.

Толығырақ

БОС ОРЫНДАР