Барлық жаңалықтар
13мау

Демалыс кезіндегі үнемділік: коммуналдық  қызметтер үшін қайта есептеу

Көптен күткен демалыстар кезеңі басталды. Демалыс уақытына коммуналдық қызметтердің қайта есептеуін қалай алуға болады?

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидасының 72 тармағымен анықталған: «Электр энергиясын тұрмыстық қажеттілікке қолданатын тұрмыстық тұтынушы пәтерде (үйде) уақытша 3 (үш) айдан астам немесе тұрақты тұрмаса, энергиямен жабдықтаушы ұйымға еркін нысанда сапарға шығуы жөнінде өтініш қалдырып, шығу күні бойынша электр энергиясы үшін есептеседі».

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №211 бұйрығымен бекітілген Жылу энергиясын пайдалану қағидасының 65 тармағымен қарастырылған:  «Пәтерде тұратын адамдар (бір немесе бірнеше) бір айдан артық мерзімге уақытша кетіп қалған жағдайда, коммерциялық есепке алу құралдары болмаған кезде тұтынылған бір адамға есептелетін ыстық су ақысы олар жоқ кезде алынбайды. Қайта есептеуге өтініш берген кезде және растаушы құжатты (емдеу мекемесінен немесе жұмыс орнынан анықтама, санаторийге жолдаманың түбіршегі, уақытша тұратын орны бойынша тіркеу туралы анықтама және сол сияқтылар) тапсырғанда есептік кезеңге қайта есептеу орындалады және төлем құжатында көрсетіледі».

Белгіленген шарттарды сақтаған кезде тұтынушыға тұтынылған электр энергиясы үшін есептеу жүргізілмейді немесе ыстық су бойынша қайта есептеу жүргізіледі.

 


Басшының жолданымы

Александр
Зинкевич


«Астанаэнергосбыт» ЖШС
Бас директоры

Құрметті сайт қонақтары!

Біз сіздерге «Астанаэнергосбыт»ЖШС сайтына қош келдіңіздер деймін және сайтта ұсынылған ақпарат сіздерге пайдалы болады деп үміттенеміз.

Толығырақ

БОС ОРЫНДАР