Барлық жаңалықтар
08мау

Электр энергиясын есепке алу қондырғыларын орнату және тексеру

Сіздің  назарыңызға электр энергиясын есепке алу қондырғылары бойынша жиі қойылатын сұрақтардың  жауаптарын іріктеп ұсынамыз.

1. Электр энергиясын есепке алу қондырғысын орнату міндетті ме?

Электр энергиясын пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Энергетика министірінің 2015 жылғы 25 ақпанда бекітілген  № 143 бұйрығының  9-тарауының 68 т. сәйкес,  «... Тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарынсыз қосуға болмайды...», 38 т. «... Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен тұтынылған электр энергиясы бойынша есеп айырысу үшін электр энергиясын тұтынушылардың электр қондырғылары қажетті коммерциялық есепке алу құралдарымен қамтамасыз етіледі ...».

2. Қандай заңның негізінде, қай мерзімде есепке алу қондырғыларын орнату қажет?

Электр энергиясын пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Энергетика министірінің 2015 жылғы 25 ақпанда бекітілген № 143 бұйрығының  9-тарауының 68 т. сәйкес «... Тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарынсыз қосуға болмайды...»

3. Есепке алу қондырғылары кімнің есебінен орнатылады?

Электр энергиясын пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Энергетика министірінің 2015 жылғы 25 ақпанда бекітілген № 143 бұйрығының  6-тарауының 39 т. сәйкес «...Жаңа салынып жатқан және қайта құрылатын объектілерде электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралын ЭКЕАЖ мақсатында орнату тұтынушының есебінен, ал электр энергиясын тұрмыстық қажеттілікке пайдаланатын тұтынушылардың бұрын қойылған коммерциялық есепке алу құралын ауыстыру, аталмыш норма электр энергиясы тарифінің ішіне кіретін жағдайда ғана энергия беруші ұйымның есебінен жүргізіледі ...»

4. Қандай есепке алу қондырғылары орнатылуы тиіс?

Электр қондырғыларын орнату қағидалары ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурызда бекітілген №230 бұйрығының 4-тарауының 92-94 т.т.сәйкес,  «... Коммерциялық ретінде қолданылатын электр энергиясының санауышы сертификатталуы және Қазақстан Республикасының өлшемдер бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілуі тиіс».

5. Есепке алу қондырғыларын өз бетінше орнатуға болады ма?

Есепке алу қондырғыларын орнатуды осындау қызмет түріне рұқсаты бар мамандандырылған ұйым жүзеге асырады. Тұтынушылардың электр есептегіштері Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту туралы ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №230 бұйрығының 5-тарауының 104-115 т.т. - «Санауыштарды орнату және оларға қосылатын электр сымдары» сәйкес орнатылады.

6. Есепке алу қондырғыларын орнатқан тұтынушы үшін тиімді ме?

Электр энергиясын пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Энергетика министірінің 2015 жылғы 25 ақпанда бекітілген № 143 бұйрығының  9-тарауының 68 т. сәйкес  «... Тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарынсыз қосуға болмайды...»

Электр энергиясын пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Энергетика министірінің 2015 жылғы 25 ақпанда бекітілген № 143 бұйрығының  6-тарауының 38 т. сәйкес «... Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен тұтынылған электр энергиясы бойынша есеп айырысу үшін электр энергиясын тұтынушылардың электр қондырғылары қажетті коммерциялық есепке алу құралдарымен қамтамасыз етіледі ...».

7. Есепке алу қондырғыларын орнату бойынша әрекеттерді орындауға кімнің құқығы бар? Есепке алу қондырғыларын «Астанаэнергосбыт» ЖШС орнатады ма?

Есепке алу қондырғыларын орнату «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің құзырлығына кірмейді. Есепке алу қондырғысын орнатуды осындай қызмет түріне рұқсаты бар мамандандырылған ұйым жүзеге асырады. Тұтынушылардың электр есептегіштері Электр қондырғыларын орнату қағидалары ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурызда бекітілген №230 бұйрығының 5-тарауының 104-115 т.т. - «Санауыштарды орнату және оларға қосылатын электр сымдары» сәйкес орнатылады.

8. Есепке алу қондырғысын ауыстыру рәсімінің тәртібі қандай?

Электр энергиясын есепке алу қондырғысын ауыстыруды жүзеге асыру үшін тұтынушы өзі жүгінуіне болады немесе www.astanaenergosbyt.kz ресми сайтында кері байланыс формасымен қолдануына болады, сондай-ақ ол бекітілген аумақтағы Сервис-орталыққа телефон арқылы хабарласып электр энергиясын есепке алу қондырғысын алу үшін акт жасауға өтініш беруге болады. Ескіні алу, жаңа есепке алу қондырғысын орнату, электр есептегішті коммерциялық есепке қабылдауға өтініш беру.  

9. Қандай құжаттар есепке алу қондырғысының орнатылуын және оның коммерциялық есепке қабылдануын растайды?

Энергиямен жабдықтаушы немесе энергия таратушы ұйымның өкілімен жасалған электр энергиясын есепке алу қондырғысын коммерциялық есепке қабылдау акті.

10. Есепке алу қондырғысының техникалық жай-күйін бақылау кімге жүктеледі?

Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министірінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығының  6-тарауының 41 т. сәйкес «...Электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарын ұстау, техникалық қызмет көрсету және салыстырып тексеру теңгерімдік тиесілікке сәйкес жүзеге асырылады. Тұтынушымен жасасқан шартқа сәйкес электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарына техникалық қызмет көрсетуді энергия беруші ұйым немесе қызметтің осындай түріне рұқсаты бар өзге мамандандырылған ұйым жүргізеді ...»

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидалары №246 бұйрығының 391 т. қарастырылған, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылар арасында есеп айырысудың жүргізілуі бойынша есеп айырысатын есептегіштерді ауыстыру мен тексеруді энергияны жабдықтаушы және энергияны беруші ұйымдардың келісімі бойынша есепке алынатын құралдардың меншік иесі жүргізеді.

11. Электр есептегішті пломбалау қалай жүргізіледі?

Электр энергиясын есепке алу қондырғысын пломбалауға өтініш беру үшін тұтынушы өзі жүгінуіне болады немесе www.astanaenergosbyt.kz ресми сайтында кері байланыс формасын қолдануына болады, сондай-ақ ол бекітілген аумақтағы Сервис-орталыққа телефон арқылы хабарласуына болады. Өтінішті қабылдаған оператор, осы жұмыс түрін орындау үшін Компания өкілінің баратын күнін және уақытын хабарлайды.

12. Қанша уақыт аралығында пломбаны орналастырады?

Пломбалауға өтініш беру кезінде энергиямен жабдықтаушы ұйыммен келісім бойынша.

13. Егер пломба үзіліп кетсе не болады?

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 115-638 қаулысымен бекітілген Астана қаласында коммуналдық қызметтерді көрсету қағидасының 13-16 т.т.сәйкес «... Есептеу құралы баспалдақ алаңдарында, дәліздерде және жеке пәтерлерде орнатылуы мүмкін. Есептеу құралдарына өту еркін болуы қажет. Тұтынушы пәтерінде немесе жеке үйінде орнатылған есептеу құралының сақталуына және тұтастығына жауапкершілікте болады. Тұтынушылардың (пәтер иелерінің) есептеу құралдарын ұрлаған немесе бұзған жағдайда тұтынушы немесе жеке шартқа сәйкес үйге иелік ететін ПИК , егер талаптардың келісімімен өзгеше көзделмесе, бір ай ішінде оларды қалпына келтіруге міндетті. Есептеу құралын қалпына келтіру сәтіне дейін тұтынушы (пәтер иесі) оны электр желісіне қосуды талап етуге құқылы.

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 115-638 қаулысымен бекітілген Астана қаласында коммуналдық қызметтерді көрсету қағидасының 29 т.сәйкес «Тұтынушының есептеу құралының сызбасына өзгеріс енгізгені, оның бүлінгені, пломбасының жұлынуы, дискінің жасанды тоқтатылуы және басқа бұзушылықтар анықталған кезде немесе егер тұтынушы энергияны ұрлау мақсатында жасырын сым өткізгенін не болмаса есептеу құралының көрсеткішін бұрмалайтын тетік орнатқанын энергиямен жабдықтаушы органның өкілі бұрынғы баруларында табуға мүмкін болмаған жағдайда тұтынушыға энергиямен жабдықтаушы ұйым белгіленген тәртіппен соңғы тексеру өткізілген сәттен бастап, дегенмен энергияны пайдаланғаны үшін талаптың ескіру мерзімінен аспайтын қайта есептеуді жүргізеді.

14. Егер иенің үй-жайынан тыс есептегіштің пломбасына белгісіз үшінші тұлғамен зақым келсе, онда осы жағдайда қондырғының көрсеткіштері не болмақ? Қайта есептеу жүргізіледі ме?

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 115-638 қаулысымен бекітілген Астана қаласында коммуналдық қызметтерді көрсету қағидасының 13-16 т.т.сәйкес «... Есептеу құралы баспалдақ алаңдарында, дәліздерде және жеке пәтерлерде орнатылуы мүмкін. Есептеу құралдарына өту еркін болуы қажет. Тұтынушы пәтерінде немесе жеке үйінде орнатылған есептеу құралының сақталуына және тұтастығына жауапкершілікте болады. Тұтынушылардың (пәтер иелерінің) есептеу құралдарын ұрлаған немесе бұзған жағдайда тұтынушы немесе жеке шартқа сәйкес үйге иелік ететін ПИК , егер талаптардың келісімімен өзгеше көзделмесе, бір ай ішінде оларды қалпына келтіруге міндетті. Есептеу құралын қалпына келтіру сәтіне дейін тұтынушы (пәтер иесі) оны электр желісіне қосуды талап етуге құқылы...»

Электр энергиясын пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Энергетика министірінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығының  8-тарауының 61 т. сәйкес, «...Тұтынушының кінәсінсіз (пломбаның бүтіндігі және есептеу құралының алдыңғы актіде көрсетілген орнатуы және аспаптық тексерісіне сәйкес келген жағдайда) коммерциялық есепке алудың бұзылуы анықталған жағдайда, тұтынудың есебін энергия беруші ұйым алдыңғы немесе электр энергиясының қаржысы мен есепке алу схемасы түзетілген келесі есептік кезеңнің орташа тәуліктік шығыны бойынша жүргізеді. Есеп айырысу кезеңі бұзылу анықталған күннен бастап коммерциялық есепке алуды бұрынғы қалпына келтіру күніне дейінгі аралықты қамтиды, алайда ол мерзім күнтізбелік отыз күннен аспауы қажет.

Тұтыну коммерциялық есепке алуды бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күндік мерзім ішінде қалпына келтіреді.

Бұзушылық анықталған күннен кейінгі күнтізбелік отыз күн өткен соң коммерциялық есепке алу қалпына келмеген жағдайда, есеп айырысу техникалық шарттарға сәйкес рұқсат етілген қуат бойынша, ал техникалық шарттар болмаған жағдайда, тәулігіне 24 сағат пайдалануды ескеріп, қосу коммутациялық аппаратының номиналы бойынша жүргізіледі...»

15. Есепке алу қондырғысын үшінші тұлғалардан қалай сақтауға болады?

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 115-638 қаулысымен бекітілген Астана қаласында коммуналдық қызметтерді көрсету қағидасының 15 т. сәйкес «...Тұтынушылардың (пәтер иелерінің) есептеу құралдарын баспалдақ алаңдарында орнатқан кезде олардың сақталуына және тұтастығына үйге иелік ететін ПИК жауапкершілікте болады». Есепке алу қондырғысын үшінші тұлғалардан қоршау үшін баспалдақ алаңдарында орналасқан электр   қалқандарды ілмекті құрылғымен қамтамасыз ету қажет. 

16. Энергиямен жабдықтау ұйымы өкілдерінің пломбалағаны үшін ақша талап ету құқығы бар ма?

Электр энергиясын есепке алу қондырғысын коммерциялық есепке алуды энергиямен жабдықтаушы ұйым  «Астанаэнергосбыт» ЖШС тегін жүргізеді. Қызмет көрсетуге қанағаттанбаушылық танытқан жағдайда Сізді дереу мына телефон бойынша +7 7172 91-80-94 хабарласуыңызды өтінеміз.

17. Есепке алу қондырғыларын тексеру деген не, ол не үшін қажет?

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 18 тармақшасына, сондай-ақ Электр энергиясын пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Энергетика министірінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығының  1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес «Коммерциялық есепке алу жүйесін салыстырып тексеру-мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа да акредиттелген заңды тұлғалардың өлшем құралдарының белгіленген метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында орындайтын операциялар жиынтығы».

Электр энергиясын пайдалану қағидасының 42 т.сәйкес, «... Электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарын салыстырып тексеру Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде көрсетілген мерзімде салыстыру тексерісаралық интервалға сәйкес жүргізіледі, «Қазақстан Метрология Институты» РМК сайтында танысуға болады (www.kazinmetr.kz).

Тексерісаралық интервал мерзімінің өтуі есепке алу қондырғысын ауыстыруға негіз болып табылмайды, оны тексеруге негіз болып табылады, нәтижесі бойынша ары қалай пайдалану мүмкіндігі орнатылады немесе оны ауыстырады...»

18.Есепке алу қондырғыларына қаншалықты жиі тексеріс өткізіп тұру қажет?

Электр энергиясын пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Энергетика министірінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығының  6-тарауының 42,43 т.т. сәйкес  «...Электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарын салыстырып тексеру Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде көрсетілген мерзімдерде салыстыру тексерісаралық интервалға сәйкес жүргізіледі»

19. Тексеріс үшін ұйымды қалай таңдау қажет?

Есепке алу қондырғыларын орнату «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің құзырлығына кірмейді. Есепке алу қондырғысын орнатуды осындай қызмет түріне рұқсаты бар мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.

20. ЕҚ тексеру кімнің есесбінен жүргізіледі?

Қазақстан Республикасы Энергетика министірнің 2015 жылғы 30 наурыздағы №246 бұйрығымен бекітілген Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларының 17-бөлімінің 391 т.сәйкес «...Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылар арасында есеп айырысудың жүргізілуі бойынша есеп айырысатын есептегіштерді ауыстыру мен тексеруді энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдардың келісімі бойынша есепке алынатын құралдардың меншік иесі жүргізеді».

21.Тұтынушы есепке алу қондырғыларын тексеруді қандай негізде төлеу қажет? Одан бас тартуға болады ма?

Қазақстан Республикасы Энергетика министірнің 2015 жылғы 30 наурыздағы №246 бұйрығымен бекітілген Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларының 17-бөлімінің 391 т.сәйкес «...Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылар арасында есеп айырысудың жүргізілуі бойынша есеп айырысатын есептегіштерді ауыстыру мен тексеруді энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдардың келісімі бойынша есепке алынатын құралдардың меншік иесі жүргізеді».

Қазақстан Республикасы Энергетика министірнің 2015 жылғы 30 наурыздағы №246 «Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 381 тармағында электр энергиясын өлшеу және есепке алудың барлық құралдары, сондай-ақ ақпараттық өлшеу жүйелері салыстырып тексеріледі және салыстырып тексеру туралы немесе салыстырып тексергіштің таңбасы туралы сертификаты бар екені қарастырылған.

22. Есептегішті алмай-ақ оны тексеруге болады ма? 

Есепке алу қондырғыларын орнату «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің құзырлығына кірмейді. Есепке алу қондырғысын орнатуды осындай қызмет түріне рұқсаты бар мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.

23. Тексерісаралық интервалдың есебі қай уаықттан басталады?

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №230 бұйрығымен бекітілген Электр қондырғыларын орнату қағидаларының 4-тарауының 92-94 т.т. сәйкес «...Жаңадан орнатылатын санауыштарда орнатылған мерзімі 12 айдан аспайтын тексеру пломбасы болуы тиіс». Осы пломбаның тексеріс өткен жыл көрсетілген Тексеруші бедерлемесі бар. Көрсетілген жылдан бастап тексерісаралық интервал есебі басталады.

24. Тексеріс қорытындысы бойынша қандай құжаттар рәсімделуі тиіс және егер қондырғы жарамсыз болып танылса не істеу қажет?

Осындай қызмет түріне рұқсаты бар мамандандырылған ұйым тексеріс қорытындысы бойынша есепке алу қондырғысының тексерістен өткенін растайтын тиісті құжаттарды береді. Есепке алу қондырғысы ары қарай пайдалану үшін жарамсыз деп танылған жағдайда, осы қондырғы ауыстыруға жатады.

25. Қандай жағдайларда есепке алу қондырғылары ауыстыруға жатады?

Электр энергиясын есепке алу қондырғысын ауыстыру пайдалану мерзімі өткен жағдайда және тәуелсіз тексеріс зертханасымен есепке алу қондырғысы ары қарай пайдалану үшін жарамсыз деп танылған жағдайда жүзеге асырылады.

26. ЕҚ тексерісте болған аралықта төлем қалай жүргізіледі?

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 115-638 қаулысымен бекітілген Астана қаласында коммуналдық қызметтерді көрсету қағидасының 28 т. сәйкес «Тұтынушылардың кінәсі бойынша болмаған есептің уақытша бұзылуы кезінде электр энергиясы үшін есеп айырысу егер шартта электр энергиясының аз саны көрсетілмесе, алдыңғы есептік кезеңнің орта тәуліктік шығысы бойынша жүргізіледі.   

Электр энергиясының орта тәуліктік есептік кезеңі бір айдан аспауы, оның ішінде есеп айырысу есебі толық көлемде қалпына келтірілуі тиіс.

Егер есеп айырысу есебін көрсетілген мерзімде қалпына келтіру мүмкін болмаса, тұтынушыға берілген электр энергиясына есеп айырысу тәртібі және есептеуді қалпына келтіру мерзімдері тұтынушының және энергиямен жабдықтаушы ұйымның келісімімен белгіленуі тиіс». 

27. ЕҚ жұмысының дұрыстығында күмән бар, ЕҚ жұмысының дұрыстығын кім және қандай ақшаға жүргізуі тиіс?

Электр энергиясын пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Энергетика министірінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығының  6-тарауының 43 т. сәйкес  «...Мүдделі тараптардың бірінің өтініші бойынша коммерциялық есепке алу құралдарын жоспардан тыс салыстырып тексеру жүргізіледі. Жоспардан тыс салыстырып тексеру өткізгенде және коммерциялық есепке алу құралының жарамдылығын беліглеген жағдайда, салыстырып тексеру шығынын (оның ішінде алу және қондыру бойынша) жоспардан тыс тексеруге бастама болған тарап өтейді.

Егер салыстырып тексеру кезінде электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарының көрсеткіштері олардың дәлдік сыныбымен рұқсат етілетін кінараттан асып кетсе немесе электр энергиясын есептеу схемасында электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарының дәлдігін бұрмалайтын бөгде элементтер табылса, онда жоспардан табыс салыстырып тексеру бойынша шығындарды электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарының тұтынушысы өтейді...»


Басшының жолданымы

Александр
Зинкевич


«Астанаэнергосбыт» ЖШС
Бас директоры

Құрметті сайт қонақтары!

Біз сіздерге «Астанаэнергосбыт»ЖШС сайтына қош келдіңіздер деймін және сайтта ұсынылған ақпарат сіздерге пайдалы болады деп үміттенеміз.

Толығырақ

БОС ОРЫНДАР