Сіздерге ыңғайлы болу үшін біздің абоненттердің жиі қоятын сұрақтарын іріктеп алдық. Сізді қызықтыратын сұрақ осылардың арасында болуы мүмкін, мұндай жағдайда сіз дереу жауап аласыз, сіздің компьютеріңіздің экранында бейнеленеді. Сізді қызықтыратын тақырыпты және сұрақты таңдап алыңыз. Хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. 

Басқа да сұрактар

Жеңілдік нормаларын алу үшін мекен-жай бойынша сервис-орталықтарға келесі құжаттарды ұсына отырып жүгіну қажет: №1 сервис-орталық (Абай даңғ., 45-үй), №2 сервис-орталық (Қажымұқан к., 6-үй), №3 сервис-орталық (Абылайхан даңғ., 49-үй), №4 сервис-орталық (Бөгенбай батыр даңғ., 24/1-үй), №5 сервис-орталық (Сарайшық к., 9-үй)

1. Жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлігі жоқ (бар) екендігі туралы №6 анықтама;

2. Осы категорияға жататынын растайтын құжат көшірмесі:

• зейнеткерлік куәлігі – жалғыз тұратын жасына байланысты зейнеткерлер үшін;

• мүгедектігі туралы анықтама – мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін;

• Ұлы Отан соғысы жылдары, бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша ұрыс операциялары кезінде, Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға қатысқанын және басқа да радиациялық апаттарға және азаматтық және әскери мақсаттағы нысандардағы апаттарға, сондай-ақ тікелей ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға қатысқанын растайтын әскери билет анықтамасы, жарақаттары, мүгедектігі туралы анықтамалар, сот-медициналық қорытынды.

3. Мекен-жай анықтамасы.

Әлеуметтік-бағдарлы шама қолданылатын жеке тұлғаның меншігінде біреуден артық тұрғын үй-жай (пәтерлер) болмауы тиіс.