Сіздерге ыңғайлы болу үшін біздің абоненттердің жиі қоятын сұрақтарын іріктеп алдық. Сізді қызықтыратын сұрақ осылардың арасында болуы мүмкін, мұндай жағдайда сіз дереу жауап аласыз, сіздің компьютеріңіздің экранында бейнеленеді. Сізді қызықтыратын тақырыпты және сұрақты таңдап алыңыз. Хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. 

Басқа да сұрактар

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 115-638 қаулысымен бекітілген Астана қаласында коммуналдық қызметтерді көрсету қағидасының 13-16 т.т.сәйкес «... Есептеу құралы баспалдақ алаңдарында, дәліздерде және жеке пәтерлерде орнатылуы мүмкін. Есептеу құралдарына өту еркін болуы қажет. Тұтынушы пәтерінде немесе жеке үйінде орнатылған есептеу құралының сақталуына және тұтастығына жауапкершілікте болады. Тұтынушылардың (пәтер иелерінің) есептеу құралдарын ұрлаған немесе бұзған жағдайда тұтынушы немесе жеке шартқа сәйкес үйге иелік ететін ПИК , егер талаптардың келісімімен өзгеше көзделмесе, бір ай ішінде оларды қалпына келтіруге міндетті. Есептеу құралын қалпына келтіру сәтіне дейін тұтынушы (пәтер иесі) оны электр желісіне қосуды талап етуге құқылы.

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 115-638 қаулысымен бекітілген Астана қаласында коммуналдық қызметтерді көрсету қағидасының 29 т.сәйкес «Тұтынушының есептеу құралының сызбасына өзгеріс енгізгені, оның бүлінгені, пломбасының жұлынуы, дискінің жасанды тоқтатылуы және басқа бұзушылықтар анықталған кезде немесе егер тұтынушы энергияны ұрлау мақсатында жасырын сым өткізгенін не болмаса есептеу құралының көрсеткішін бұрмалайтын тетік орнатқанын энергиямен жабдықтаушы органның өкілі бұрынғы баруларында табуға мүмкін болмаған жағдайда тұтынушыға энергиямен жабдықтаушы ұйым белгіленген тәртіппен соңғы тексеру өткізілген сәттен бастап, дегенмен энергияны пайдаланғаны үшін талаптың ескіру мерзімінен аспайтын қайта есептеуді жүргізеді.