ТАРИХЫ

1999 жылы Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен және оның тікелей қатысуы арқылы «Астанаэнергосервис» АҚ құрылды. Акционерлі қоғамның құрамына екі жылуэлектрорталық, қаланың жылу және электр жүйелері кірді. Жарғыға сәйкес, Компанияның негізгі қызметі – жылу және электр энергияларын өндіру, тасымалдау және жүзеге асыру болып табылды. Жеке кәсіпорындардан бірыңғай  энергожүйе құру қажеттілігі елорда статусына ие болған Астана қаласын энергиямен тұрақты түрде жабдықтау мәнінің артуынан туындады.

Қайта құрылған «Астанаэнергосервис» АҚ компаниясына ҚР Президенті белгілеген негізгі тапсырманы орындау – елорданы энергиямен үздіксіз және сенімді түрде жабдықтау жауапкершілігі жүктелді.

ҚР «Энергетика туралы» Заңы және Қазақстан Үкметімен қабылданған елдің электр энергетикасындағы нарықтық қатынастардың келешектегі даму Концепциясы, «Астанаэнергосервис» АҚ қалыптасқан жұмысының моделін түбегейлі қайта қарастырып және қалыптасқан қызмет түрлерінің қызметін ұйымдастыру мақсатында, акционерлі қоғамды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қайта құруға бағытталған шаралардың жасалуын талап етті. 2003 жылдың наурызынан бастап «Астанаэнергосервис» АҚ құрамынан «Қалалық электр желілері» АҚ бөлініп шықты. 2004 жылдың бірінші желтоқсанынан бастап елорданың энергокешенінің экономикалық потенциалын ұтымды пайдалау үшін, «Астанаэнергосервис» АҚ-да еншілес кәсіпорындар – «Астана-Энергия» АҚ (жылу және электр энергияларын өндіру), «Астана-Теплотранзит» АҚ (жылу энергиясын тасымалдау), «Астанастройэнерго» ЖШС (жөндеу жұмыстарын жүргізу) құрылды. Негізгі құралдар сәйкесінше бағдар бойынша еншілес, қайта құрылған кешендердің жарғылық капиталына тапсырылды.

Өткізу қызметі жеке меншік формасындағы «Астанаэнергосбыт» ЖШС-не бөлінді.

2005 жылдың қаңтарында «Астанаэнергосбыт» ЖШС Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының талабын      алғашқы болып орындады: қала энергокешенінің құрамынан шығып, нарық жағдайында өзінің Энергиямен жабдықтау жеке кәсібін бастады.


Басшының блогі

Александр
Зинкевич


«Астанаэнергосбыт» ЖШС
Бас директоры

Құрметті сайт қонақтары!

Біз сіздерге «Астанаэнергосбыт»ЖШС сайтына қош келдіңіздер деймін және сайтта ұсынылған ақпарат сіздерге пайдалы болады деп үміттенеміз.

Толығырақ

БОС ОРЫНДАР