Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау - мемлекет, жұмыс беруші, жұмысшылар тарапынан өзіне тұрақты көңіл бөлуді талап ететін маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселе болып табылады.

Еңбекті қорғаудың қалыптасуының мақсаты - жұмысшылардың денсаулығын және өмірін сақтау. Адамдар - ең құнды ресурс болып табылады, сондықтан адам өміріне қамқорлық жасау және сақтау кәсіпорынның жұмыс берушілерінің (басшыларының), барлық меншік иесі нысандарының ұйымдарының басты міндеті болып табылады. Еңбекті қорғаудың жоғары деңгейі - адам денсаулығының және өмірінің сенімді кепілі.

«Астанаэнергосбыт» ЖШС қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында реттеу қамтиды: 

  • Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қадағалау, бақылау және мониторинг жүргізу;
  • жұмысшылардың қауіпсіздік және еңбекті қорғау, еңбек жағдайларын жақсартуды құру;
  • қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында құрылымдық бөлімшелердің жауапты тұлғаларын даярлау және біліктілігін арттыру;
  • қызметкерлерді жыл сайынғы медициналық тексеруден өткізу;
  • жұмысқа жаңадан қабылданған жұмысшыларға слайд көрсету арқылы кіріспе нұсқама өткізу; көрнекі құралдар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау; өртке қарсы қауіпсіздік бойынша плакаттар; 
  • құрылымдық бөлімшелерде ай сайынғы Қауіпсіздік техника күндерін өткізу;
  • электр қауіпсіздігі жөнінде 2, 3, 4 біліктілік топқа қызметкерді даярлау бағдарламалары бойынша құрылымдық бөлімшелерде техникалық оқуларды өткізу;
  • құрылымдық бөлімшелерде бірінші медициналық көмек көрсету бойынша сабақ өткізу;
  • жұмыс бастамас бұрын слесарлық-монтаждау құралдарын күнделікті қарау; уақтылы жарамсыз деп тану, айырбастау және сатып алу;
  • кәсіпорын қызметкерінің жеке қауіпсіздігн тұрақты сақтауы;
  • жарақаттануды болдырмау мақсатында қызметкерлердің жұмыс орындарын күнделікті тексеру;
  • қауіпсіздік белгілерімен белгіленген аумақтарда ережелерді сақтау;
  • жол қозғалысы ережесін, тұтынушылармен жұмыс кезіндегі, МЖФ кіре берістеріндегі, жеке сектордағы электрқалқандарды ауыстыру және қызмет көрсету кезінде регламентті сақтау бойынша желілік қызметкерге күнделікті нұсқаулық беру;  
  • қызметкерлердің іс-қимылдарды қайталауымен апатқа қарсы және өртке қарсы жаттығуларды өткізу.

 

ҚжЕҚ саласындағы саясат

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша жоспар

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша жоспар (бұдан әрі - ҚжЕҚ) келесі іс-шараларды қамтиды:

  • Материалды бекіту үшін, сондай-ақ оны жұмыста қолдану үшін желілік қызметкерді техникалық оқытудан өткізу.
  • Қауіпсіздік техникасы ережелерін, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану ережелерін сақтау; жарақаттануды және жазатайым жағдайды болдырмау мақсатында қызметкердің білімін біліктілік тексеруден өткізу.
  • Қауіпсіздік техникасы бойынша қателіктерді болдырмау және қайталау мақсатында жұмыс орнында нұсқаулық өткізу.
  • ҚжЕҚ саласындағы міндеттер үшін жауапты мамандарды ҚжЕҚ бойынша уақтылы оқытудан өткізу.
  • Қауіпсздік шараларын сақтау, сондай-ақ мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында жіберілген жазатайым жағдайлар бойынша техникалық кеңестер және талдау жүргізу.
  • Санитарлық нормаларды және ережелерді, есептеуіш техникаларда жұмыс кезіндегі ережелерді сақтау, кемшіліктерді анықтау және уақтылы жою мақсатында жұмыс орындарында (аралау, тексеру) іс-шаралар өткізу.
  • Қолайлы еңбек жағдайларын жасау бойынша іс-шаралар өткізу.
  • Слесарлық-монтаждық аспаптарының сапалы сынақ өткізуі және бақылау.
  • Қызметкерге жұмысқа рұқсат беру мақсатында міндетті медициналық қарауды ұйымдастыру және өткізу.

 

Тұтынушылардың қауіпсіздігі

Қауіпсіздік және клиентке бағдар - ең алдымен, «Астанаэнергосбыт» маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Күндізгі қызмет көрсету пункттерін ребрендингтеу аясында барынша жайлы жағдай жасалуда: айтарлықтай күту аймағы кеңейтілді, Тұтынушы қызмет сапасын бағалай алатын жүйе енгізілді, электронды кезек жүйесі жұмыс істейді.

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қызметкерді шақыру батырмасы және пандус орнатылды, бағыттауды жеңілдету үшін офистің кіре берісінде тактильді тақтайша, ресепшен бағанындағы пиктограмма қарастырылды. Залда сумен кулер және бірінші медициналық көмек қобдишасы орналасқан.. 

Сапалы және жылдам қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында, қажетті кеңес беретін, электронды талонды алуға көмектесетін және маманға қарай шығарып салатын зал әкімгері лауазымы енгізілді.

Клиенттерге қызмет көрсетуге арналған залдарда көрінетін жерде орналасқан ақпараттық стендтермен, клиенттерге арналған үстелдермен жабдықталған.

Қызметкерлердің және клиенттердің қауіпсіздігі мақсатында барлық үй-жайлар өртке қарсы жүйемен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған. Үй-жайдан кіру және шығу (апаттықты қоса алғанда) тиісті көрсеткіштермен жабдықталған.


Басшының жолданымы

Александр
Зинкевич


«Астанаэнергосбыт» ЖШС
Бас директоры

Құрметті сайт қонақтары!

Біз сіздерге «Астанаэнергосбыт»ЖШС сайтына қош келдіңіздер деймін және сайтта ұсынылған ақпарат сіздерге пайдалы болады деп үміттенеміз.

Толығырақ

БОС ОРЫНДАР