Компания туралы

«Астанаэнергосбыт» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  2004 жылы 30 қыркүйек Астана қаласының Әділет департаментімен тіркелді.

Компанияның негізгі қызмет түрі - Астана қаласының тұтынушыларын электр және жылу энергиясымен жабдықтау. Кәсіпорын «Орта-Азиялық Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ («ОАЭК» АҚ) компаниялар тобына кіреді.

«Астанаэнергосбыт» ЖШС «электр энергиясын бөлшектеп жүзеге асыру» қызмет түрі бойынша Астана қаласының географиялық шекараларында тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық), нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізіліміне, сондай-ақ «жылу энергиясымен жабдықтау» қызмет түрі бойынша табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің  жергілікті бөліміне енгізілген.

01.01.2016 жылғы жағдайы бойынша «Астанаэнергосбыт» ЖШС электр энергиясы бойынша 217 712 жеке тұлғаларға және 9 955 заңды тұлғаларға және жылу энергиясы бойынша 197 824 жеке тұлғаларға және 7 897 заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді.

Компанияның энергия ресурстарының негізгі жеткізушісі - қазіргі уақытта «Астана-Энергия» АҚ (Астана қаласындағы ЖЭО-1, ЖЭО-2). Айта кету керек, жылдам өсіп жатқан астанада электр энергиясын тұтыну екі станцияда өндірілетін электр энергиясының көлемінен асады. Тапшылық энергия ресурстарын сыртқы жеткізушілерден сатып алу есебінен толықтырылады.

«Астанаэнергосбыт» ЖШС сатып алынатын электр энергиясы, тұтынушыларға тасымалдайтын компания желілері арқылы - «КЕГОК» АҚ, «Ақмола электр желілерін тарату компаниясы» АҚ, «Астана - АЭК» АҚ жеткізіледі, Жылу энергиясы «Астана-Теплотранзит» АҚ желілері бойынша жеткізіледі.

Компанияның негізгі стратегиялық міндеттері:

  • электр және жылу энергиясының өткізу нарығын ұлғайту;
  • көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту;
  • дебиторлық берешекті азайту;
  • тұтынушыларға қызмет көрсетудің сервистік сапасын жақсарту үшін инновациялық бағдарламаларды зерделеу және енгізу.

Компания әлемдік стандарттарға жақындап, өз клиенттеріне сервистік қызмет көрсету деңгейін тұрақты түрде арттыру саясатын жүргізеді. Астананың кез келген тұрғыны жеке-дара шарттарды жасасу үшін, техникалық сипаттағы мәселелерімен, тұтынылған энергия ресурстары үшін төлем шоттарын салыстыруға, пәтерлерде орнатылған суды есепке алу аспаптарын тіркеуге жүгіне алатын, Сервис-орталықтардың желісін кеңейтеді.  Бүгінгі таңда тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің 7 төлемдерді қабылдау пункті жұмыс істейді.

Халыққа бірлесіп қызмет көрсету орталығы Компанияның клиенттеріне қызмет көрсетудің сапалы жаңа деңгейін - тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін кәсіпорынмен ұйымдастырылған байланыс орталығын шығарды.

Бұл орталықтың қызметіне «ыстық желі» көп арналы телефондары арқылы халықтан бақылаушылардың кіріп-шығуына өтінімдерді қабылдау және  энергиямен жабдықтауға қатысты олардың барлық қызықтырған сұрақтарына толық ақпарат беру.

14 банкпен төлемдерді қабылдауға, соның ішінде интернет және терминал арқылы қызмет көрсетуге келісім-шарттар жасалды.

ISO 9001:2008 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес, 2014 жылы Астанаэнергосбыт «TUV Rheinland InterCert»  сертификаттау бойынша халықаралық органда танылған сапа менеджменті жүйесі бойынша сертификаттау аудитін сәтті өтті. Аудит нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы ресми түрде растайтын сертификат берілді. Ол Компаниямен халықаралық стандарттардағы Астана халқына электр және жылу энергиясын сатып алу және сату, коммуналдық қызмет көрсету бойынша есептеу және төлемдерді жинау саласындағы талаптардың сақталатындығын көрсетеді.

«Астанаэнергосбыт» ЖШС ұжымы шамамен 600 адам.

 


Басшының блогі

Александр
Зинкевич


«Астанаэнергосбыт» ЖШС
Бас директоры

Құрметті сайт қонақтары!

Біз сіздерге «Астанаэнергосбыт»ЖШС сайтына қош келдіңіздер деймін және сайтта ұсынылған ақпарат сіздерге пайдалы болады деп үміттенеміз.

Толығырақ

БОС ОРЫНДАР